SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі

 

Мәуленқұлов Ғабит Патшаханұлы

 

Әкімге сұрақ қою

Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымовтың 16.07.2018 жылғы № 4-ө өкіміне сәйкес Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.Мауленқұлов азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды күн сайын сағат 09-00-ден 10-00 дейін жүргізеді.

Мекен-жайы Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты, Шымкент қаласы,Ж.Тыныбаев көшесі №49 Қабылдау бөлмесі тел. 54-58-46; Ұйымдастыру-бақылау бөлімі тел. 53-79-09

Хабаландыру

Құрметті Әл-Фараби ауданының кәсіпкерлері!

 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – ҚР ЭК) 152-бабының 2-тармағына сәйкес «Қоршаған ортаны қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ҚОҚ БАЖ) іске асырылған Өндіріс пен тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастры http://oos.energo.gov.kz интернет ресурсында жүргізеді.

ҚР ЭК 154-бабы мен 1-бабының 71-тармағына сәйкес табиғат пайдаланушылар (табиғи ресурстарды пайдалануды және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар) есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 1 наурызына дейін жыл сайын қалдықтарды түгендеу жөніндегі есепті ұсынады.

Есеп нысаны Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 29 шілдедегі «Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» №352 бұйрығымен бекітілген.

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы