SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бүгін Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданында орналасқан Өмірбек Жолдасбеков атындағы № 9 мектеп лицейінде 1 қыркүйек - "Білім күні" мерекесіне арналған салтанатты мерекелік іс-шарасы өтті.

Аталған шараға Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов арнайы барып қатысып, оқушылар мен ұстаздарды айтулы мерекемен құттықтады.

Аудан әкімі мектеп оқушыларына жаңа оқу жылында жаңа жетістіктер мен сәттілік тілеп, ұстаздарға шәкірттеріне тәлім-тәрбие беріп, еңбектеріне шығармашылық табыс пен қажымас қайрат тіледі. Бұл оқу орны 200-ден аса бүлдіршіндерді 1-сыныпқа қабылдады.

Оқушылар қуанып, алғашқы қоңырауда сап түзеді. Салтанатты шараға аудан тұрғындары, ата аналар, мектеп оқушылары мен ұстаздар және БАҚ өкілдері қатысты. Мерекелік іс-шарада концерттік бағдарламалар болып, ән айтылып, би биленді. Іс-шарадан кейін оқушылар өз сыныптарына қуанып, асыға бет алды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы