SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Бүгін, Шымкент қалалық Қазақстан Халқы Ассамблеясының бастамасымен және Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «5 тамыз-Медиация күніне» орай қоғамдық медиация институтын дамыту және жаңа әдістерді енгізу бойынша Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.Мәуленқұловтың және аппарат қызметкерлерінің қатысуымен семинар өтті.

Медиация - дауды шешуде екі тарапты да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету болып табылады.

Сондай-ақ, семинарға арнайы келіп қатысқан Шымкент қалалық Қазақстан Халқы Ассамблеясы медиация кабинетінің меңгерушісі, кәсіби медиатор Дана Кенжеқұлова медиация тақырыбында баяндама оқып, семинар барысында қойылған сұрақтар бойынша түсініктеме берді.

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы