SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Қарттарым асыл -қазынам"

 

       Әл-Фараби ауданының әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен «1-ші қазан Қарттар күніне» орай аудан ардагерлерін, ҰОС және тыл ардагерлерін, ауыл билері мен ақсақалдар, ақ жаулықты әжелер арнайы дастархан жайып құрмет көрсетті. Іс-шара барысында, ауданымыздың дамуына еңбек етіп, өз үлесін қосқан қарттарымыз аудан әкімінің және аудандық ардагерлер кеңесінің алғыс хаттарымен марапаттады.

Құрметті аға ұрпақ өкілдері, Сіздерден біздің және өсіп келе жатқан жас жеткіншектердің алар тәрбиесі мен өсиеттері көп - ақ, ұлтымыздың салт дәстүрлерін, мәдениетін және туған тіліміз бен ділімізді, адамгершілік қарым-қатынастың қасиеттерін үйренеміз. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер.

Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ өмір, көтеріңкі көңіл-күй, бейбітшілік, ынтымақ пен береке, жақын туыстарыңыздың сый-құрметі мен қамқорлығын тілеймін

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы