SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Сындарлы Қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы

Біз еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келеміз. Отыз жылға жуық уақыт бұрын халқымыз өзінің Тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындады.

Осы уақыт ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналды.

Баянды бірлігіміздің арқасында тәуелсіздігімізді нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартуға жол аштық. Бұл жасампаздық пен ілгерілеу, бейбітшілік пен келісім кезеңі болды.

Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр. Біз бұған Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу арқылы қол жеткізе аламыз.

Өздеріңізге белгілі осының бәрі менің сайлау алдындағы бағдарламамның негізі болды. Мен халыққа берген уәделерімді орындаймын деді Қ.К.Тоқаев өзінің «Сындарлы Қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынан.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына алғашқы жолдауында 5 басымдықты атап көрсетті олар:

1.Қазіргі замаңғы тиімді мемлекет

2.Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамассыз ету.

3.Қарқынды дамыған және инклюзивті эканомика

4.Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі

5. Қуатты аймақ-қуатты мемлекет

Мемлекет басшысы ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сенім артатынын жеткізіп, «Қазақстан-ортақ шаңырағымыз! Мен бәріңізді мерейлі мекенімізді өркендетуге үлес қосуға шақырамын»-деді Президент Қазақстан Халқына Жолдауында.

Биылғы жолдау әлеуметтік, кәсіпкерлік, идеалогиялық бағыттарға басымдықтар беріліп біршама қоғамдағы мәселелердің тиімді шешілуіне септігін титізгелі отыр.

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы