SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

    ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Елбасы Н.Назарбаевтың және мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шымкент қаласын дамыту жөніндегі тапсырмасына орай жұмыс сапарымен келді.

Әл-Фараби ауданына қарасты «Бадам» және «Сәуле» шағынаудандарында болып, инфрақұрылым жүйелерімен және әлеуметтік нысандардың жағдайымен танысты.Бадам тұрғын алабы (195 орам) бойынша электр қуатымен жабдықтау мәселесімен мектеп мұғалімі Гүлназ Әбдірова «Nur Otan» жүгінген сондай-ақ, партияның қоғамдық қабылдауында Үкімет басшысы Г.Әбдіроваға 195-орам үйлерін электр жүйесімен осы жылдың аяғына дейін қамтылатынын жеткізген болатын.Қазіргі таңда қажетті құжаттар әзірленіп жатқанын айтты.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан Шымкент археолгоиялық қалашығындағы «Цитадель» жобасымен танысып, қаланың 2020 жылы ТМД-ның мәдени астанасы қарсаңында тартымды туристік нысан болатынын айтып өтті.

Премьер-министр жұмыс сапары кезінде қаланың өнеркәсіптік өнім өндірісі мен шағын орта бизнес саласының жағдайымен танысып біршама тапсырмалар берді.

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы