SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

     Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 4 шілде күні «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясындағы кепілдіктер, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы және «Қарапайым заттар экономикасы» тақырыбында жиналыс өтті. Жиналысқа «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, Шымкент қаласының ауыл шаруашылық және ветеринария басқармасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мамандары қатысып, жоғарыда аталған бағдарламалар жайлы толық мағлұмат берді. Жиналысқа аудан кәсіпкерлері қатысып, оқылған баяндамалар бойынша өз көкейінде тұрған сұрақтарға тиісті жауаптар алды.

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы