SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Қала әкімінің Әл-Фараби ауданын аралау барысындағы тапсырған тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен кәсіпкерлерді қолдау мақсатында 2019 жылдың 8 тамыз күні Шымкент қаласы Забадам мөлтек ауданына қарасты №84 мектепте «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында «Мен кәсіпкер боламын» тақырыбында жиналыс өтті . Жиналысқа «Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-иновациялық даму басқармасы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мамандары қатысып, жоғарыда аталған бағдарламалар жайлы толық мағлұмат берді. Жиналысқа аудан кәсіпкерлері қатысып, оқылған баяндамалар бойынша өз көкейінде жүрген сұрақтарға тиісті жауаптар алды.

Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде өз жалғасын табады.

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы