SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Құрметті қала тұрғындары!

 

Сіздерді күллі мұсылман халықтарының үлкен айты, қасиетті Құрбан Айт мерекесімен құттықтаймыз. Құрбан Айт мерекесінде құрбандық шалу кезінде бірқатар ескертпелерге құлақ түрулеріңізді сұранамыз.

Мереке қарсаңында мешіт және медресе аумағында малдарды сатуға, қан шығарып союға тыйым салынады. Қан және жынғылдарды тастауға арналған арнайы орындардың болмауына орай, түрлі инфекциялық арулар тарауы мүмкін.

Құрбандық малы тек арнайы рұқсаты бар орындарда сойылуы тиіс. Осы талапты орындамау Қазақстан Республикасының 2014 жылдың 5 шілдесіндегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 406 бабына сәйкес әкімшілік жаза қолданылатындығын назарларыңызға жеткіземіз.

Қосымша ақпараттарды мына байланыс нөмірлерінен алуларыңызға болады. Тел: 24-75-37, 24-75-18, 45-05-22, 45-05-23.

Шымкент қаласы аумағында арнайы мал сою орындары мен мекен-жайлары және қызмет көрсету бағасы жөніндегі мәлімет.

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы