SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

 

Баршаңызды мұсылмандар үшін қасиетті мереке – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Қасиетті айт күндері барша мұсылман қауымы ізгілікті амалдар жасауға асығады. Әрбір мұсылман баласы айтта тек қана құрбандық шалумен шектелмей, ағайын-туысына, мүгедектер мен мұқтаж жандарға, көршілері мен жетімдерге қол ұшын беріп, қайырымдылық пен қамқорлық таныту арқылы қоғамның тұтастығына, ұлттар мен діндердің өзара ынтымақтастығына жол ашады.

Бүгінгі «Құрбан айт – мерекесі» – елдің береке-бірлігін бекемдейтін, қанағат пен қайырымдылықты арттыратын ұлық мереке. Қасиетті күндердегі ізгі амалдарыңыз бен ниеттеріңізді Алла тағала қабыл етсін! Құрбан айт әрбір отбасына амандық, елімізге бірлік пен ынтымақ әкелсін.

Айт күнгі ізгі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын. Ұлы мерекеде әр отбасына бақыт, береке тілеймін. Деніміз сау, жұртымыз тыныш, елімізде тек жақсылықтар бола берсін!

Құрбан айт мейрамы қабыл болсын!

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы