SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әл-Фараби ауданы аумағында заңсыз (қой союмен) айналысып отырған тұлғаларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Шымкент қаласының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» және жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе Әл-Фараби ауданындағы М.Х.Дулати көшесі мен Мәделі қожа көшесінің бойындағы жеке тұрғын үйлерде заңсыз қой сою және сатумен айналысып отырған тұлғаларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Мәделі қожа көшесі №69, №109 және М.Дулати көшесі, №88, №92, №106 үйлерінде заңсыз мал союмен айналысатын тұлғаларға әкімшілік айыппұлдар салынды.Басқарма тарапынан заңсыз мал сою орындарын жабу туралы Әл-Фараби аудандық сотына арыз беріліп,аталған нысандар заң талаптарына сай келмейтіндіктен , жоғарыда көрсетілген мекен-жайларда мал сою орындарын тоқтату туралы соттың шешімі шықты.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақтытта да жалғасын табатын болады.

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы