SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        Бүгін Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Фиркан Сити СҮ» ғимаратының ойын сауық орталығында «Жомарт жандардың балаларға арналған қайырымдылық іс-шарасы өтті.

         Іс-шараның басты мақсаты – кішкентай тұрғындарымыздың мүдделері мен құқықтарын қорғай отырып, балаларға қуаныш сыйлау. Барлық жақсы нәрселер тек, соларға ғана арналады.

Аудандағы мүмкіндігі шектеулі балалар, жетім, тұлжетім және аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған шараға жомарт жандар демеушілік жасап, 200 балаға қуаныш сыйлады. Оларға жаңа оқу жылына сөмке, кеңсе заттары табысталды. Іс-шара соңы концерттік бағдарламалармен жалғасып жезтаңдай әншілер мен мыңбұрала билеген бишілер өнерлерін көрсетсе,  сайқымазақ – Клоундар балалардың көңілін көтеріп, іс-шараның көркін қыздырды. Іс-шара соңында балалар «Фиркан сити» сауда – ойын-сауық орталығында «Funkytown» ойын алаңында 3 сағат тегін ойнап, олардың құрметіне дастархан жайылып сусындар мен тәтті тоқаштар таратылып, балалардың көңіл көтеруіне демеуші азаматтар тарапынан  жағдай жасалды.

       Іс-шараға Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.Мәуленқұлов, аппарат қызметкерлері, аудан аумағында орналасқан мектеп ұстаздары аз қамтылған отбасы балалары және БАҚ өкілдері қатысты.

      Жалпы  алғанда  биылғы оқу жылына Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Мектепке Жол» акциясы аясында 350 бала мектеп заттарымен қамтамасыз етілді.

Алдағы уақытта да қайырымдылық шарасы өз жалғасын табатын болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы