SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Момышұлы атындағы оқу орталығының қатардағы және кіші басшы құрам бойынша 171 тыңдаушыларын шығарып салу рәсімі өтті. Іс-шараға Әл-Фараби ауданың әкімі Мәуленқұлов Ғабит, Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Момышұлы атындағы оқу орталығының бастығы полиция подполковнигі Мендыбаев Талғат, Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Жұмаханбетов Ералы, 6506 әскери бөлімінің командирі полковник Үмбетов Қайрат, 171 тыңдаушыларымен ата-аналары қатысты.

Алаңға жиналған тыңдаушылардың ата-ана, туған-туыстарының жүздерінен көптен күткен қуаныш пен шаттықтың және өз балаларына деген сағыныштың белгісі анық көрінеді. Осы уақыт аралығында еліміздің түкпір-түкпірінен келген курсанттар сапқа тұрудан бастап, ел тыныштығын сақтаудағы маңызды іс-шараға бейімделіп, шыңдала түскендігі анық байқалады.

Іс-шара аяғында салтанатты шара шымылдығы жас тыңдаушылардың шеруімен жабылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы