SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        Бүгін Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының және Шымкент қалалық адвокаттар алқасының ұйымдастыруымен қаламыздың көрікті келбетіне айналған «Арбат» демалыс орнында халыққа құқықтық көмек пен сыбайлас жемқорлыққа деген төз¬беушілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Біз жемқорлыққа қарсымыз» және «Адвокат кеңес береді» атты ашық есік күні өтті.

Аталаған күнде қала тұрғындарына сыбайлас жемқорлық туралы ұғым мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру мен тұрғындар арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін азайтуға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен түрлі сұрақтарға жауап берілді.

Алдағы уақытта сыбайлас жемқорлықпен күресу және оның алдын алу мақсатында өткізілетін іс-шаралар өз жалғасын табатын болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы