SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       Әл-Фараби ауданы әкімі Ғ.Мәуленқұловтың төрағалығымен аудан аумағында қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерімен бірлесе жиын өткізілді. Аталған жиын барысында аудан әкімі жазғы маусым өрт қауіпсіздік шараларын сақтау және суға шомылу маусымы қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша нақты тапсырмалар берді.

Осыған орай, аудан аумағында жазғы шомылу маусымы қауіпсіздік шараларының сақтау мақсатында шомылуға тиым салынған аймақтарға ескерту тақтайшалары орнатылды.

Сондай ақ, өрт қауіпінің алдын алу мақсатында аудан аумағындағы егістік алқап иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде егістік алқап иелері тарапынан минералды жолақ жырту жұмыстары жүргізілуде.

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы