SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

     Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан Қажымұқан атындағы орталық стадионында қала әкімінің қатысуымен Түркістан облысының Төле би, Отырар аудандарының ауыл шаруашылығы саласындағы тауар өндірушілердің кезекті рет жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкені өткізудің негізгі мақсаты – әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерге бағаны тұрақтандыру, (сиыр еті, жылқы еті, қой еті, картоп және көкөніс өнімдері т.б.), яғни өндірушіден тікелей делдалдық буынсыз тұтынушыға жеткізу болып табылады.

Сонымен қатар жәрмеңкеде Төле би, Отырар аудандарынан келген қолөнер шеберлерінің бұйымдары (қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары, ыдыс-аяқтар, қолдан тоқылған кілемдер және т.б.) қала тұрғындарына тиімді бағада ұсынылды. Бұл бағыттағы жұмыстар әр аптаның сенбі күні тұрақты түрде ұйымдастырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы