SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Бүгін Әл-Фараби ауданы әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп гимназиясында қоғам қайраткері, тіл жанашыры Асанғазы Оразкүл Асанғазықызының қатысуымен кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылау мақсатында кездесу өтті. Оған мектеп оқытушылары мен оқушы жастар қатысты.

Рухани жаңғыру – бұл адам сана сезімінің, сенімі мен сапасының, білімі мен өмір сүру тәсілінің көрсеткіші. Ал, жастардың рухани байлығы дегенде бірінші кезекте, олардың білімділігі, ана –тілін білуі мен мәдени деңгейі, дүниетанымдық ой-өрісі тұрады.

Сондықтан да, Елбасының бағдарламалық мақаласы жастарға арналған. Өйткені, болашақ – жастардың қолында. Қоғамдық сананы жаңғыртудың басты басымдығы ұлтымыздың жахандық қоғамдастықта бәсекеге қабілетті болуы екендігі сөзсіз. Бұл ретте өзімідің бірегейлігімізді, құндылықтарымыз бен дәстүрімізді сақтауға тиіспіз. Кездесуде мәңгілік ел болудағы рухани жаңғырудың маңыздылығы, ұлттық сананы жаңғыртудағы жастардың ролі тақырыбында ашық әңгіме айтылды.

Айта кететін жайт, көтеріліп отырған мәселелер өзінің өзектілігімен оқушы жастардың қатты қызығушылығын туғызып, кездесу соңы қызу пікірталасқа ұласты.

«Кез келген ұлттың рухы мықты болса, тілі де мықты болады. Тіл деген - ұлттың жаны, рухы. Ұлттық қасиет ұлттың тілінде сақталады. Оразкүл Асанқызының ұлтқа деген сүйіспеншілігінің өзі жастарға үлгі болды.

Осындай нағыз қазақ үшін еңбек етіп келе жаткан азаматтарымыз бен азаматшаларымыздың насихатын естіп, осындай жалынды кездесулерден нәр алу -рухани жаңғыру барысында ұрпақтан ұрпаққа берер аманат екендігі сөзсіз.

Жиынға Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.Мәуленқұлов, Әл-Фараби аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері жəне А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп гимназиясының мұғалімдері мен жоғарғы сынып оқушылары қатысты.

Алдағы уақытта бұл бағыттағы іс-шаралар жалғасын табатын болады.

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы