SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар мен ата-аналар!

Сіздерді жарқын да қуанышты, айтулы мереке – 1 қыркүйек Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!

1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Бұл мереке кейбір азаматтардың мектеп қабырғасын, колледж және жоғары оқу орындарына барған күндерін еске түсірумен сипат алса, жас мұғалімдердің алғашқы жұмыс күні әсері мен толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттерімен есте қалады. Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады.

Абай атамыз: «Адамның көңілі шын мейірленсе, білім - ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі» деген екен. Сондықтан бүгінгі жастар ілім - білім жинауға қашанда асығып, тәуелсіз еліміздің игілігі жолында білімдерін ел кәдесіне жаратып, болашақта озық ойлы, өрісі кең, өрелі азаматтары болуы қажет.

Санасы бүтін салауатты жас ұрпақтың болашағы мектеп табалдырығынан басталатыны анық. «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» демекші келешегіміздің кемел, алдағы асар асуларымыздың айқын болуы бүлдіршіндеріміздің өздеріне керекті білім дәрежесін лайықты алып шығуына байланысты.

Аудан аумағында жалпы 25 мектеп, 57 балабақша, 10 жоғарғы оқу орны, 16 арнаулы оқу орындары(колледж) орналасқан. Барлық ұлағатты ұстаздарды 1-қыркүйек Білім күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Мектепке жаңа қадам басқан жас балғындардың келешектері кемел, болашақтары нұрлы болсын! Биік белестерге жетіп, білімнің заңғар шыңынан ешқашанда түспеңіздер. Жаңа оқу жылында жаңа жетістіктер мен жаңа бастамаларға жетіп, жұмыстарыңызға шығармашылық табыс пен сәттілік тілеймін.

 

 

Ізгі ниетпен: Шымкент қаласы

Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.П.Мәуленқұлов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы